Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Прокурорлардың жұмысы үшін біз салық төлеушілер төлемейміз бе? Процессті жүргізіп жатқандары мынау. Олар нақты іс бойынша, айғақпен жүргізгендерін қалаймын.
Бұл “халықтың батыр қызы” айыпталушының қорғаушыларына халық жауы ретінде қарауда. Қолына қару берсең қырып салатындай. Куәгерлермен қылмыскер сияқты сөйлесуде. Олардың кәсіби түрде жұмыс жасап жатқандарына күмәнім бар”, — деді журналист.