Өнер иесі көптен жеке басқа өтіп, тілдемеуін сұраған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Әнші «су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге не себепті көмек қолын созбадыңыздар» деп сынаған оқырмандарына жауап берген. Ол оқырмандарынан аталған жайтты сылтау етіп, жеке басқа өтпеуін сұраған.
«Неге сонша ақылдысыздар? Қалай өмір сүру керектігін, не істеп, не істемеу керектігін үйреткішсіздер әйтеуір. Тағы айтамын. Елге жасап жатқан жақсылығымызды бәрібір көрсетпеймін. Алла разы болса болды. Бәрін өзіңнен баста!
Елдегі болып жатқан жайттарды пайдаланып, жеке басқа өтіп, артық сөйлейтіндерді в блок жіберемін», — деп шүйлікті ол.