Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен жүзеге асырады. Ұшақтың сыйымдылығы — 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-ге жоспарланған. Кері рейс – сағат 21:15-те», — делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Әуе билеттерін авиакомпанияның сайтында, Air Astana қосымшасында немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.
Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын қоса хабарлады.