Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды

Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов 2024 жылдың 8 сәуірінде Петропавлда су тасқыны қашан болатынын айтты

  • 8 Сәуiр
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұрат Қанғожиновтың Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте гі мәліметінше, Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен.

«12 — сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде, — деді Мұрат Қанғожинов

Бүгінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан 3 аудан мен Петропавл қаласында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл аймаққа 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Бұдан бөлек, су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.

Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.