Қазақстанға келген шетелдік турист саны 9 миллионнан асқан - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға келген шетелдік турист саны 9 миллионнан асқан

Қазақстанға келген шетелдік турист саны 9 миллионнан асқан

Көбі Алматының тауын тамашалаған. Небәрі бір жылдың ішінде Іле Алатауының сұлулығына тамсануға алыс-жақын шетелден 544 мың адам келген.

  • 9 Сәуiр
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға келген шетелдік турист саны 9 миллионнан асыпты. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бірақ басым бөлігі елімізге жеке шаруасымен, жұмыс бабымен немесе туған-туысына келген. Ал ел көремін деп мақсат тұтып келгендердің саны жарты миллионнан сәл асады.

Көбі Алматының тауын тамашалаған. Небәрі бір жылдың ішінде Іле Алатауының сұлулығына тамсануға алыс-жақын шетелден 544 мың адам келген.

Біраз турист Маңғыстау облысына да табан тірепті. Каспи теңізінің жағалауында 39 мыңнан аса шетелдік демалған. Ал 14 мыңға жуығы Бурабай курорттық аймағына, қалғаны Алакөл мен Балқашқа барыпты.

Демалысын Қазақстанда өткізгісі келетіндердің көбі ТМД елдерінен. Мәселен, бір ғана Ресейден 450 мыңға жуық адам келген. Бірақ алдыңғы жылға қарағанда 12 пайызға аз.

Қытайлық туристер де көбейген. Былтыр елімізге аспан асты елінен 100 мыңнан аса адам кіріпті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп.