“Ит болсын, алқаш болсын, өз еліңізге шығыңыз”: Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы өкінішімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ит болсын, алқаш болсын, өз еліңізге шығыңыз”: Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы өкінішімен бөлісті

“Ит болсын, алқаш болсын, өз еліңізге шығыңыз”: Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы өкінішімен бөлісті

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы шетел азаматына тұрмысқа шыққысы келетін бойжеткендерге ақыл айтты.

  • 9 Сәуiр
  • 923
Фото - Caravan.kz


50 жастағы азамат корей ұлтының азаматына тұрмысқа шыққан Аселлиа есімді блогер шетелде қиналып жүргенін айтып, желі қолданушыларына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қыз шетелде барлық жағынан күйеуіне тәуелді болады.

”Осы видеоны көріп отырған қаншама жас қызға шетелге тұрмысқа шықпаңыздар дегім келеді. Өйткені, сен бөтен елде күйеуіңе тәуелді боласың. Оның айтқаны заң болады. Тіпті балаларың ауырып қалса, ақша болмағаннан кейін оларға дәрі әпере алмайсың. Шет елде жұмыс та істей алмайсың. Ит болса да, алқаш болса да өз елдеріңіздегі адамға тұрмысқа шығыңыздар. Өз еліңде балаң ауырып жатса, бір жерге барып пол жусаң да, біреудің әжетханасын тазаласаң да ақша тауып дәрі алып бере аласың”, — дейді кәріс ұлтының азаматына күйеуге шыққан Аселлиа.

Желі қолданушылары қазаққа тұрмысқа шыққан қыздардың да жағдайы мәз емес екенін жарыса жазуда.

”Уайымдама, қазаққа тигендер де оңған жоқ”, “Кеш түсінгенің өкінішті”, “Қазаққа тисең де осы өмір болады, еш өкінбе”, “Қазаққа түрмысқа шығып одан да жаман өмір сүріп жатқандар бар”, “Қазақ та жетісіп тұрған жоқ, таяқ жейсің, өлесің”, — деп жазды олар.