Тасқын судан зардап шеккендерге салынатын үйлердің жобасы дайын, сарапшылар тексерістен өткізіп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы.
Президент тапсырмасынан кейін министрлік жедел штаб құрып, кешенді жоспар құрды.
Соның нәтижесінде екі құрылыс жобасы қолға алынды: бірі үш бөлмелі жеке үй, алаңы 80 шаршы метр, екіншісі екі бөлмелі тұрғын үй пәтері, оның көлемі -160 шаршы метр.
Осы екі типтік нұсқа барлық аймаққа сәйкес келе ме, жоқ па, қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, -деді ресми өкіл.
Қорытынды келесі аптаның соңында дайын болады. Толық мәліметті epsd.kz сайтынан оқи аласыздар.
Сонымен қатар, ол қалпына келтіру жұмысының көлемін анықтау үшін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді әкімдіктердің техникалық тексеруі маңызды екенін жеткізді.
Бүгінде әкімдіктер келтірілген залал мен шығын көлемін есептеп жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қалпына келтіру жұмысы барысынан халықты үнемі хабардар етіп отырады, — деді Меруерт Ибраева.