Салтанат жалаңаш видео түсіріп беруге мәжбүр болған - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салтанат жалаңаш видео түсіріп беруге мәжбүр болған

Салтанат жалаңаш видео түсіріп беруге мәжбүр болған

Марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина сот отырысында жауап берді. Сондай-ақ куәгер Аида Ахмедина оқиға болған күні олармен бірге концертке барған.

  • 10 Сәуiр
  • 475
Фото: ашық дереккөзден

Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина сотта құрбысымен болған барлық әңгімесімен бөлісті. Оның сөзінше Нүкенова тіпті тырнағын жасатуға мүмкіндігі болмаған. Бір рет барғанда, процестің ұзақ болғаны үшін күйеуі ашуланған екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы.

Салтанат оның жұмысқа бармай, жанында 24/7 бірге болатынын айтты. Ол жұмысқа бармағандықтан бар уақытын, энергиясын Салтанатқа арнаған. Ол сөйлескісі келіп, түнімен ұйықтатпаған. Сәл ұрыс-керіс болса, өзі сыйлаған сыйлықтарын лақтырып жібереді. Жаңа жылдың алдында оған қымбат сағат сыйлады. Кішкене жанжалда оны терезеден лақтырып жіберді, содан кейін олар оны іздеп таба алмады,- деді сотта Салтанаттың құрбысы.

Нүкенова күйеуі ұрғаннан соң, бетінің көгерген суретін ағасына жіберген. Ал Бишімбаев жазадан қорыққан ба, әлде кектен бе, өзінің қорғаны ретінде Бишімбаев одан тырдай жалаңаштанып, видео түсіріп беруін талап етіпті. Ал, марқұм оның талабын орындапты.

Бір түнде Салтанаттың хабарламаларынан ояндым. Ол: «маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек», деп жазды. Ол мені ұрып-соқты, Айтымға суреттерімді жібердім. Ол келіп, Қуандық екеуі төбелесті. Одан бірнеше рет кеткім келген. Ол «отбасыңда менің сені ұрып-соққанымды дәлелдейтін суреттер бар, кейін маған қоқан-лоққы жасайсыңдар, мен сені жібермеймін. Кепілдік ретінде сен маған жалаңаш күйде видео түсіріп беруің керек» деп айтты деді. Мен одан «Сен оның айтқанын орындадың ба?» деп сұрағанымда, ол «иә, істедім, басқа амалым болмады» деп жауап берді», — деді Нүкенованың құрбысы.

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды. Кейін басты судья да алқабилер құрамына кіретіні белгілі болды. Бұл шешім әлі де көптеген заңгерлер мен қоғам белсенділерінің наразылығын тудырып келеді. Яғни, судья алқабилердің шешіміне әсер етпеуі керек деген пікір білдірді.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Сот отырыстарында оқиға болған кез, яғни, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген кадрлар көрсетілді. Содан кейін Салтанат Нүкенованың ата-анасы жағдайлары нашарлап, ауруханаға түскені белгілі болды. Сол себептен соңғы отырыстарда ата-анасы қатыспады.