Су тасқыны мүрделерді шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны мүрделерді шайып кетті

Су тасқыны мүрделерді шайып кетті

Атырау облысында су басқан аймақта ер адамның денесі табылды. 

  • 10 Сәуiр
  • 47
Фото: ашық дереккөз

Белгілі болғандай, қала маңында мола орналасқан. Қарғын судың күшінен мәйіттер де ағып кеткен. 

«2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы «Рамазан» дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», — деді облыстық ТЖД өкілдері. 

Құтқарушылар бұл ер адамның денесі, жоғалып кеткен әкесі мен баласына қатысты жоқ екенін айтты. 

Айта кетейік, осыған дейін Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы әлі іздестіріліп жатыр. Ал 7 сәуірде сол аймақта екі адамның денесі табылды.