"Ол менен кек алады": Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған хаты оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол менен кек алады": Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған хаты оқылды

"Ол менен кек алады": Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған хаты оқылды

Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот тыңдалымында прокурор марқұм Салтанат Нүкенова мен оның құрбысы Аида Ахмединаның бір-біріне жазған хаттары оқыды.

  • 10 Сәуiр
  • 44
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Онда Нүкенова құрбысына күйеуімен қарым-қатынастағы қиындықтары мен одан кеткісі келетінін айтқан. Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.

Прокурор оқыған жазбадан Нүкенованың күйеуінен кетуге қорыққаны байқалады. 

«Оның мені жіберуі екіталай. Әкем де маған оның маған тыным бермейтінін айтады. Ол ештеңені қаламайды. Онымен тіпті диалогқа да түспеймін. Ол бәріне сәтсіз махаббаты мен менің қаншалықты қорқынышты екенім туралы айтады. Ал мен оған оралмасам, оның барлық талабын орындамасам, кек ала бастайды», – делінген жазбада. 

Нүкенова өзінің соққыдан көгерген іздері бар фотосуреті болғаны үшін Бишімбаевтың бопсалағанын жазған.

«Ол бұл суретті жариялап сол арқылы ақша табасың деп күдіктенеді. Бұл суретті таратпауым үшін кепіл ретінде жалаңаш суретке түсіруім керек екенін айтты. Мен оған: «сен құбыжықсың», — дедім. Бірақ жалаңаш суретке түспесем жібермейтінін білдім. Иә, одан құтылу үшін қалауын орындадым. Менің жолым болмады, шаршадым. Одан басқа ешкіммен сөйлеспеймін. Әр хабарлама, әр қоңырау, әр қадамымды басқарады. Телефонымды артық қарамаймын. Тіпті кейде қарапайым заттарды өшіруді ұмытып кеттім бе деп қорқамын. Ол кез келген уақытта қызбалыққа салынады. Айғайлап, қорлап, бастайды. Шаршадым. Үнемі жанжалдан аулақ болу үшін үндемей қаламын немесе ақталамын. Жүйкем шыдай алмайды, тек ол ашуланбаса болды. Бұл махаббат емес. Қазір бәрін зерттеп жүрмін. Сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Ол аянышты жағдайда. Оны осы кезге дейін аяп келдім», – делінген Нукенованың жазбасында. 

Марқұм Бишімбаевтың айтқанының бәрін жасамаса үлкен жанжал болатынын айтқан. Сондай-ақ, ол Алматыға құрбысына еткісі келгенде, Бишімбаев оның шашын жұлғанын жеткізген.

«Бұл жағдай бірнеше рет болды. Бірнеше рет шашымнан жұлып, айқайлады. Шашымның бәрі түскеннен кейін ғана ол мұны тоқтты. Үнемі кетіп қалатындықтан ғана қол көтеруін тоқтатты. Психологпен жұмыс істегесін көмектесуде. Қазір біреуге жазуға, біреуге қарым-қатынасымыз туралы айтуға қорқамын. Аида, тек анам мен Әселкаға айтпа, қыздар тіптен білмесін. Өтінемін, ешкімге айтпа», — деді Нүкенова Ахмединаға. 

Нүкенова жақындарының алаңдамай қалыпты өмір сүруі керек екенін жеткізген. 

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.