Ақсай өзені алабындағы сел ұстайтын бөгет құрылысы кезінде ақша ұрланған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсай өзені алабындағы сел ұстайтын бөгет құрылысы кезінде ақша ұрланған

Ақсай өзені алабындағы сел ұстайтын бөгет құрылысы кезінде ақша ұрланған

Ірі ұрлық сел ұстайтын бөгетті тексеру барысында анықталды. Нысан құрылысы бойынша мердігердің міндеттемелерін орындамауы салдарынан 30 мыңға жуық алматылықтардың өміріне қауіп төнді.

  • 12 Сәуiр
  • 59
Фото: видеодан алынған

Оны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов анықтаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассайніндегі селді бөгейтін бөгетті тексере келе, оны салған мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзғанын анықтаған.

«Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін «Қазселденқорғау» басшылығы тиісті материалдарды ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне берді. Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу бастады», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде.

ЖШС Алматы қаласында «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.