Шакираның Қырғызстандағы концертіне әр бесінші билетті қазақстандықтар алған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.91
  • € 499.05
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шакираның Қырғызстандағы концертіне әр бесінші билетті қазақстандықтар алған

Шакираның Қырғызстандағы концертіне әр бесінші билетті қазақстандықтар алған

Шакираның Қырғызстандағы концертіне билеттерді сатудың алғашқы күнінде 22 елдің тұрғындары сатып алған.

  • 2 Қазан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қырғызстандық басылым жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сатылымның 77,32%-ы Қырғызстанға, қалған 22,68%-ы шетелдік сатып алушыларға тиесілі.

Бір күнде 13 мыңнан астам билет сатылған. Бұл сатылымға шығарылған билеттердің шамамен 30%-ын құрайды.

Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан көш бастап тұр:

  • Қазақстан — 80,01%;
  • Ресей — 13,08%;
  • Өзбекстан — 3,8%;
  • қалған 18 ел — 3,1%.

Жалпы сатылым көлемінде Қазақстан азаматтарының үлесі 18,15%, Ресей — 2,97%, Өзбекстан — 0,86% болды.

Осылайша, концертке сатылған билеттердің шамамен әрбір бесіншісі қазақстандықтарға тиесілі.

Билеттерді АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және басқа елдердің тұрғындары да сатып алған.

Концерттегі барлық Skybox толық сатылып кеткен. VIP және VVIP санатындағы билеттердің бір бөлігі де сатылған. Қалған VIP және VVIP билеттерін тек офлайн сатып алуға болады.