ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кәкішева 12 сәуірде ОКҚ брифингінде ШҚО-да сәуір айының ортасында су тасқынының екінші толқыны күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ол бүгінде қар жамылғысының ауданы 53% екенін атап өтті.
«Көптеген аудандарда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген. Еріген сулардың және өзендерде мұз кептелістерінің өтуіне мониторинг күшейтілді. Су тасқыны учаскелерін барлап қарау жалғасуда», — деп толықтырды Аяулым Кекиева.
Оның айтуынша, ШҚО-да гидротехникалық құрылыстардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, елді мекендерді су басудан қорғау үшін су ресурстары және ирригация министрлігі 20 су қоймасын салу жұмыстарын бастады. 11 облыста жаңа су қоймалары пайда болады.