Қазақстан наурызда мұнай бойынша міндеттемесін асыра орындады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан наурызда мұнай бойынша міндеттемесін асыра орындады

Қазақстан наурызда мұнай бойынша міндеттемесін асыра орындады

Қайталама дереккөздерге сәйкес, Қазақстан наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды

  • 15 Сәуiр
  • 19
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Энергетика министрлігі бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты екенін айтып, түсіндірді. Алайда, Қазақстан І-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады.

Сондай-ақ, бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады, – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын.