Бүгін грек-рим күресінің шеберлері кілемге шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан сапынан екі балуан жартылай финалға сүрінбей жетті.
87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов финал жолдамасына таласады. Ол жарысты ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанын 9:0 есебімен жеңді.
Тұрсыновтың жартылай финалдағы қарсыласы — өзбекстандық Рахымжан Ұзақов.
63 келідегі Ержет Жарылқасын да жартылай финалда белдеседі. Ол алдымен Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін Сауд Арабия өкілінен басым болды.
Ержет жартылай финалда Солтүстік Корея намысын қорғайтын Чан Киммен өзара мықтыны анықтайды.
Ал 55 келідегі Нұрзат Қабдырахимов ширек финалда өзбекстандық Жасурбек Артықбаевтен жеңілді. 77 келідегі Ибрагим Магомадов әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен тең күрессе де, әдіс сапасына байланысты жеңіліс тапты.
130 келідегі Мансұр Шадукаев ширек финалда қырғызстандық спортшыға жол берді.