Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ

Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі республикадағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты жаңартты

  • 15 Сәуiр
  • 33
© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOV

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі уақытта 5,4 мың жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінің басынан бері 111 мыңнан астам адам құтқарылды.

«Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр», — деді ол.

ТЖМ өкілі 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылғанын атап өтті.

«Үйлеріне 11 950 адам оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді», — деді Сайпаш.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралдары, 275 жүзу құралдары, 11 әуе кемелері жұмылдырылды.

Сондай-ақ спикер еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.