ХХІ ғасырдың Атымтай Жомарты: Зардап шеккендерге 450 млн теңге бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХХІ ғасырдың Атымтай Жомарты: Зардап шеккендерге 450 млн теңге бөледі

ХХІ ғасырдың Атымтай Жомарты: Зардап шеккендерге 450 млн теңге бөледі

Бетперде киген жұмбақ жігіт тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 1 млн доллар бөлетінін айтты.

  • 16 Сәуiр
  • 150
Фото: ашық дереккөз

Теңгеге шаққанда бұл — 450 млн теңге. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейне үндеу арқылы мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ролик Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдың алдында жазылған. Жұмбақ жігіт волонтерлер мен құтқарушыларға алғысын айтты. Елдегі ахуалға бей-жай қарамайтын отандастарымыз бен басқа елдерден көмекке жеткен азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Осы жігіт туралы көп естіп едім. ХХІ ғасырдың Атымтай Жомарты. Кім екенін ешкім білмейді. Қайырымдылық істермен айналысады. Жетімнің көз жасын сүртіп, жесірдің отын өшірмей жүр. Кедей-кембағалдың сүйеніші. Бүгін осы маскадағы белгісіз жігіт су тасқынына байланысты 1 миллион доллар аударыпты дейді. Сен кімсің белгісіз жан?», — деп жазды Оңғар Қабден.

Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары белгісіз жігіт Оралдың тумасы екенін, қазақ мектебін бітіргенін жазған. Басында мұқтаж жандарға өзінің қалтасынан қаржылай көмек көрсетіп келген, кейін басқалар қызығушылық таныта бастаған. Қазір каспи банктің қосымшасында «Человек в маске» қоры бар. Кез-келген ерікті қаржы аударып, жағдайы төмен отбасыларына жақсылық жасай алады.

«Кім болса да, бақытты болсын! Басқалар сияқты ақшаны босқа шашпайды. Нағыз керек адамды тауып, қамқорлық жасап жүр. Дауысы Димашқа қатты ұқсайды. Аман жүрсін!», «Бүгінгінің Зұқа батыры. Ағылшынның Робин Гуді, жетім мен жесірдің қамқоршысы», «Иә, өте көп адамдарға көмек береді. Осылай қара маскамен жасырын түрде. Бұл жігітті көбісі Димаш деп де айтып жатты», — деген пікірлерін жазыпты халық.