Депутат діни неке туралы: "Бұл - заңсыз нәрсе" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат діни неке туралы: "Бұл - заңсыз нәрсе"

Депутат діни неке туралы: "Бұл - заңсыз нәрсе"

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2024 жылғы 17 сәуірде "ресми тіркелген неке құжатынсыз" діни некені қию заңсыз екенін мәлімдеді

  • 18 Сәуiр
  • 39
Сурет: muftyat.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер мәжілісменнен дін бойынша тіркелген неке, ресми некемен теңесуі мүмкіндігі туралы сұрады.

«Мен сіздің айтқаныңызды құптамаймын, мен оны заңсыз деп санаймын. Бізде заң бойынша тіркелген неке танылады және тіркелмеген барлық нәрсе неке деп танылмайды. Яғни, егер олар некені Мешітте, Шіркеуде немесе басқа жолмен тіркесе, оны неке деп санауға болмайды.», — деді Асхат Аймағамбетов мәжілісте.

Ол бүгінде діни некені өткізу белгілі бір трендке айналғанын және қазір көптеген адамдар осы арқылы неке қатынастарына түсіп жатқанын атап өтті.

«Бұл іс жүзінде заңнаманы бұзады. Біз зайырлы мемлекетпіз және некені тіркеудің заңмен белгіленген тәртібі бар. Бұл тұрғыда сіздің алаңдаушылығыңыз негізсіз емес деп санаймын. Осы некені тіркейтін діни қызметкерлер үшін жауапкершілікті талқылау, талдау қажет. Мен бұл мәселемен айналысамын», — деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов діни қызметкерлер үшін діни некені тіркеуге жауапкершілік жоқ екенін айтқан болатын.