Салтанат біреуге жаны ашып жүріп, өзі өліп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салтанат біреуге жаны ашып жүріп, өзі өліп кетті

Салтанат біреуге жаны ашып жүріп, өзі өліп кетті

Кешегі өткен сот отырысында марқұмның құрбысы Аида Ахмедина қайтадан жауап берді. Оған себеп сынған телефоны еді. Алдыңғы отырыста соған байланысты қажетті деректер айтылмай қалған. 

  • 19 Сәуiр
  • 39
Фото: ашық дереккөз

Бұл жолы  Салтанаттың құрбысы телефонындағы марқұммен жазысқан хатты оқыды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 “Ол ауру, психотерапияны өтті. Менің оған жаным ашиды, көмектескім келеді, бірақ олай жасасам, өз өміріме балта шабамын. Ол түнімен ұйықтамайды, маған да ұйқы бермейді. Менімен сөйлесуімді талап етеді, жауап бермесем, ашуланып шығады, айқайлайды. Осындай адамдар ешқашан емделмейді, мүмкін оған психологиялық ауруханаға жату керек шығар», деп жазған. 

Адвокат Ляззат Ахатова сотты толық көріп жүрмегенін, бірақ болған жайттарды сайттар мен әлеуметтік желіден оқып жүргенін жазды. Сондай-ақ өз пікірімен бөлсті. 

«Салтанат. Байғұс қыз, біреуге жаны ашып жүріп, өзі өліп кетті. Енді осыдан кейін сотталушыны ауру деп тауып, соттамай, емделуге жіберсе, қызықтың көкесі болатын шығар», — деді.

Бишімбаев телефонының паролін бермей жатыр, аша алмадық деп, сотталушының телефонын әлі тексермегені қалай? Тергеу мен прокуратура айыпталушының пароль берген, бермегеніне қашаннан бері “түсіністікпен” қарайтын болған? 

Салтанат “ұйықтап” жатқанда, сотталушылардың айтуы бойынша, ресторанға келген, келесі кабинкада күні бойы Бишімбаевпен сөйлескен Гүлнар деген кім? 

Неге оның жеке басын анықтап, сотқа шақырып, жауап алмайды? Ол әйел Салтанаттың келесі кабинада жатқанынан хабары болды ма, не жайында сөйлесті, сұралу керек еді ғой. 

Дима Биланның концертінде әйелінің көзінше біреудің күйеуінің бетінен сүйген әйел қайда? Ұрыстың бәрі содан басталған емес пе? 

Неге түнгі 22 00-де Бишімбаев сол әйелге бармақ болды? Сотты күнде түгел көріп жатқандар, сіздер білесіздер ме, бұл жайттар жайлы не деп жатыр?

“Өлмейді, ұйықтап жатыр” деген “көріпкел” әйел “тергеуде берген жауабымды алыңыздар, сотқа бармаймын” депті. Заңды неке куәлігінсіз бірнеше рет неке қиған имам, молда және осындай адамдарды шатастыратын алаяқ бақсы, балгер дегендерге заңмен тосқауыл қоятын мезгіл жетті деп ойлаймын. 

Прокуратураның өкілеттігі бар ғой, істерді қарау барысында сондай заң бұзушылықтар анықталса, тексеру жүргізіп, іс қозғайтын, тым болмаса, шара қолданатын. Сол өкілеттіктерін жоғарыда аталған тұлғаларға пайдалана ма екен?