"Төртінші әйелі болдым": Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуі туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төртінші әйелі болдым": Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуі туралы бар шындықты айтты

"Төртінші әйелі болдым": Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуі туралы бар шындықты айтты

Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуінің төртінші әйелі болған.

  • 19 Сәуiр
  • 359
Фото - Caravan.kz

Әнші «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында қоғамның қыспағы тұрмысқа асығыс шығуына себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ата-анам, бауырларым, туған-туыс бар, халықтыңң ортасында жүргеннен халық та қашан тұрмысқа шығасың, босанатын уақыт болды деп айта бастады. Мен сондай леппен тұрмысқа шықтым. Қоғамның қыспағы да тұрмысқа шығуыма себеп болды деп айта аламын. Мен бірінші күйеуіммен сөйлесіп жүрген кезде бізден ештеңе шықпайды деп қарым-қатынасты тоқтатпақ болғам, бірақ ол кісі келесі күні сақинасымен келіп ұсыныс жасады. Мына жақта бәрі қашан деп жатты, ол кісі ұсыныс жасап келді. Бәрі келісіп тұрғаннан кейін маған берілген мүмкіндік деп қабылдадым», — дейі ол.

Өнер иесі екінші күйеуімен шариғат шарттары бойынша үш рет кездесіп некелескенін де жасырмады.

«Бірінші күйеуім діннен бейхабар болды. Ол бізді тастап кеткен кезде намаз оқитын адамдар адал, қиянат жасамайтын болады деп ойладым. Бірақ, менің екінші некем бұл ойымды теріске шығарды. Мен бірінші күйеуімнен ажырасқаннан кейін өмір мұнымен тоқтап қалмайтынын, тағы да тұрмысқа шығатынымды білдім. Сол кезде екінші күйеуім намазхан болады деген талап қойдым. Шариғат бойынша үш-ақ рет кездесіп тұрмысқа шықтым. Жиырма жылдан бері білетін танысым жеңгетайлық жасап таныстырды. Ол кісі Рамазан айында хабарласты, өзі қанша рет қажылыққа барып келген қажы болды. Мен бұлардың барлығын белгі деп қабылдадым. Баламды да бірден қабылдады. Сондай бақытты болып тұрмысқа шықтым. Бірақ қызым ішімде кезде мен ол кісіден кетіп қалдым. Қысқасын айтқанда, мен ол кісінің төртінші әйелі болып шықтым. Екінші некем де осылай болғанына әке-шешемді абыройсыз қылдым деп қатты күйзеліске түстім», — дейді әнші.

Әнші өмірлік жар таңдау мәселесіне қатысты ақыл-кеңесімен де бөлісті.

«Бұл айтқандарымның бәрі менің жеке мәселем. Халыққа бұл қызық емес. Тыңдармандарым менің әнімді тыңдасын. Мен бұны жас қыздарға сабақ болсын деп айтып отырмын. Айналайын қыздар, мен 30-ға келдім деп бірінші тұрмысқа шақырған адамға жүгіріп кете салмаңыздар. Мен содан бақытсыз болдым», — дейді Мөлдір Әуелбекова.