«Пайдалы болуға шешім қабылдадым»: Бишімбаев ісін қарап жатқан прокурор мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пайдалы болуға шешім қабылдадым»: Бишімбаев ісін қарап жатқан прокурор мәлімдеме жасады

«Пайдалы болуға шешім қабылдадым»: Бишімбаев ісін қарап жатқан прокурор мәлімдеме жасады

Шулы қылмыстық істі қарап жатқан прокурор халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Пайдалы болуға шешім қабылдаған айыптаушы әлеуметтік желіде белсенділік таныта бастады.

  • 21 Сәуiр
  • 33
Фото: ашық дереккөз

Қуандық Бишімбаев ісін қарап жатқан мемлекеттік айыптаушы прокурор Айжан Аймағанова жаңадан ашқан Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде Tok-tok жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», — деп жазды прокурор.

Бірақ қазіргі жағдайда өзге әріптестері секілді желіде белсенді бола алмайтынын атап өтті.