Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті.

  • 21 Сәуiр
  • 4
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі ахуал бойынша мәлім етті. Өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.

Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.