Өзбекстан Қазақстаннан мұнай импортын қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Қазақстаннан мұнай импортын қысқартты

Өзбекстан Қазақстаннан мұнай импортын қысқартты

2024 жылдың басында Өзбекстан Қазақстан мұнайының импортын екі есеге дерлік қысқартты.

  • 21 Сәуiр
  • 23
Фото: ашық дереккөз

Сарапшы Олег Червинскийдің айтуынша, бұл Ресейден келетін мұнайдың көрші мемлекет үшін әлдеқайда арзан болуымен байланысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2024 жылдың I тоқсанында өзбек компаниялары Қазақстаннан темір жол арқылы өңдеуге 15,2 мың тонна шикі мұнай тасымалдады.

Өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында импорт 25,6 мың тоннаны құраған.

Биылғы жылы шикізаттың негізгі көлемі Ферғана МӨЗ-не жеткізілді.

Сонымен бірге ресейлік «Газпром-нефть» құбыр арқылы ағымдағы жылдың І тоқсанында Қазақстан аумағымен Өзбекстанға 75 мың тонна мұнай жөнелтті.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 7 есе көп, былтыр бұл көрсеткіш 10,7 мың тоннаны құраған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Өзбекстанға 550 мың тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 154,3 мың тоннаны құраған.

Жалпы, Ресей 2024 жылы Өзбекстанға 550 мың тоннаға дейін мұнай жібермекші. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда (154,3 мың тонна) үш жарым есеге көп. Қарапайым тілмен айтқанда, Өзбекстан қазақстандық мұнайдың тікелей жеткізілімін Қазақстан аумағы арқылы өтетін Ресейден келетін импортпен сәтті алмастыруда.

Argus агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мұнайы Өзбекстанға барреліне 8-9 доллар жеңілдікпен жеткізілсе, ресейлік жеңілдік мөлшері барреліне 11-12 долларды құрайды.