"Ең қорқыныштысы - әрекетсіздік": Атырауға барған Санжар Мәди ащы шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ең қорқыныштысы - әрекетсіздік": Атырауға барған Санжар Мәди ащы шындықты жайып салды

"Ең қорқыныштысы - әрекетсіздік": Атырауға барған Санжар Мәди ащы шындықты жайып салды

Санжар Мәди деген актер бар. Сол Құлсарыға барды.

  • 22 Сәуiр
  • 95
Фото: caravan.kz

Көзбояушылық деген бар. Қазаққа жат емес. Су тасқыны болып жатқан Атырауға барған актер шенеуніктер туралы ащы шындықты айтты. Ол өз ойын желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі бет-ауызын тұмшалап, күнге арналған қара көзілдірігін тағып, кепкасын бастыра киіп алып Атырауға келген. Бір-екі күн бойы әлеуметтік желіге фото-видео салмай, елмен бірге құм толы қапшықты тасып, үнсіз жүре берген Санжарды жанындағы волонтерлар танып қойып, баршаға жариялаған соң барып желіге шыға бастады.

Онда да “Рух”, “Біз біргеміз”, “Менің қазағым” деген ән қойылған видео емес, топырақ тасып, құм үйіп жатқан “простой стористер”.

Көпшілік Атырау, Құласарыға жеке мобилографтарымен келіп жатқан жұлдыздар секілді Санжар Мәдиді де солай жүреді деп ойласа керек. Актердің мұнысына таңқалып жатыр, деп жазды Азамат Әбілқайыр.

Су алып жатқан Атыраудан оралған Санжар Мади көзімен көрген шындығын жазды.

«Таңертең Атыраудан Алматыға оралдым. Шаршағаным соншама, төсектен тұра алар емеспін. Бұл тек физикалық тұрғыдағы шаршағаным емес, бірнеше күннен кейін денемнің ауырғаны басылады. Эмоционалды қатты қиын болды.

Бір жағынан, мен елдің мұнай астанасында болдым, ол жерден миллиардтаған долларлар ағылып жатыр. Қонақжай, ашық және турашылдық бірінші орында тұратын қалаға мен ғашық болдым. Ал, екінші жағынан, дәл осы апатты жағдайда қала тұрғындары осы уақытқа дейін өздеріне өздері ғана көмектесіп келе жатқанын көрдім. Шенеуніктер қаланының көшелерін шұңқыр-тесіктерге әдейі толтырып тастаған сияқты. Су тасқынынан кейінгі судың бәрі сол жерге ағып кетуі үшін. Қазақстанның 40 пайызын асырап отырған қаланың жағдайы мұндай болмауы керек.

Су астында қалған басқа қалаларға келетін болсақ, мен апаттың ауқымын елестетуден қорқамын. Одан да қорқынышстысы — әрекетсіздік.

Бұл жағдай менің жаныма батты. Бұдан бұрын да мен айтқанмын, халыққа тек халық көмектесе алады деп. Бұл рас. Шаршап-шалдықса да мыңдаған еріктілер, бар күшін салып, қаражат бөліп мұқтаж жандарға көмектесумен келеді. Оның арасында мектеп оқушылары, әйелдер мен аналар, тіпті қарттар да бар. Олар өз туған қаласын құтқарып қалуға тырысып жүр.

Атырауда болған кезімде, бір де бір шенеунікті кездестірмедім. Күннің көзінен тығылатын, шаңды дауыл кезінде ас ішіп, заттарыңды тастап кететін шатырларды кездестірмедім. Еріктілер үшін ешқандай жағдай жасалмаған.

Біз қолымыздан келгеннің бәрін аямадық. Nomad Stunts ұжымы әлі біраз уақыт Атырауда болады, әзірге мен өзімді қалыпқа келтіремін Алда жұмыс көп»,- деп жазды актер.

Кейін белгілі болғандай, осы жазбасын өшіруді талап етіп, Атыраудың әкімшілігі мен оған қарасты азаматтар актердің мазасын ала бастапты. Ол өшірмейтінін айтты. Шындықты мен ғана емес, халық та біліп отырғанын жазды.

«Өңірлердегі әкімдіктердің қалай жұмыс атқаратыны бәріне мәлім, бұл бүкіл елдің проблемасы. Орталқтандыру жүйесі жоқ. Жергілікті жерде ешкім не істеу керектігін, қайда бару керектігін білейді. Өзіңіз туралы ақпаратты түзетуге тырыспай, өз күшіңізді халық пен қаланың игілігіне жұмсағаныңыз абзал. Кеңестік ескі әдістерден арылатын уақыт келді, өздеріңді өзгертіңдер!» — деп түйіндеді Санжар Мәди.