Америкада ауыр жүк көлігін тізгіндеген қазақ қызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада ауыр жүк көлігін тізгіндеген қазақ қызы

Америкада ауыр жүк көлігін тізгіндеген қазақ қызы

Ауыр техниканың тілін меңгерген нәзік қазақ қызы халықтың ықыласына бөленді.

  • 22 Сәуiр
  • 34
Фото: asikon.america

Ассоль есімді қазақ қызы АҚШ-та ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Онымен қоса 200 мыңға жуық оқырманы бар блогер. Ерекше мамандықты игеріп жүрген қыз жайлы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бойжеткен Ақтөбе қаласының тумасы. 17 жасында Алматыға келіп, ҚазҰУ-дың инженер-конструктор мамандығына оқуға түскен. 6 жыл бұрын ағылшын тілін меңгеру мақсатында АҚШ-қа көшкен. Артынша сол жерде қалуға шешім қабылдаған.

Жас қыз Америкаға бауыр басып қалыпты. Өзінің екінші үйі екенін жасырмайды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі болу — бұрыннан келе жатқан асыл арманы екен. Жақсы табыс тауып отырса да, нәзік жан трак жүргізушісі болып жұмыс істейді. Одан бөлек, әлеуметтік желіде контент түсіріп, блог жүргізеді. Қазір оның 200 мыңнан аса оқырманы бар.

Оқырмандардың жазуынша, Америкада жүк көлігін тізгіндеген қазақ қыздары жетерлік. Қызығушылық танытқандар үшін блогер Youtube арнасында ақпараттық контент жариялайды. Ол жерде Америкаға қалай баруға болатынын, визаға қол жеткізу, және жұмыс табу сынды кеңестерімен бөліседі. Сондай-ақ жүк көлігін жүргізудің артықшылықтары мен қиыншылықтары жайлы да айтады.

Бейресми деректер бойынша Қазақстанда 556 мыңнан астам блогер бар. Олардың ішінде:

— 10 мың жазылушыға дейінгі аудиториямен – 483 мың;
— 50 мыңға дейінгі аудиториямен – 63 мың;
— 500 мыңға дейінгі аудиториямен – 10 мың;
— миллионға дейінгі аудиториямен – 400;
— миллионнан астам аудиториясы бар – 230 блогер.

Қазақстандағы блогерлердің нақты санын білу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолданған. Олар бейхабар екен.

Негізі Қазақстанда блогерлер де салық төлеуге міндетті. Ол туралы бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қана жауап берген болатын.

«Қазақстанда 400-ден астам блогер ресми тіркелген. 2023 жылдың соңында олар 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар, жүктеме 1%-дан 4%-ға дейін жетеді», — деген еді Жамаубаев.