Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті», — делінген хабарламада.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті.
Статбюро дерегінше, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың).