Мына сот Айканың тізіміндей бүкіл елдің артын ашты - заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мына сот Айканың тізіміндей бүкіл елдің артын ашты - заңгер

Мына сот Айканың тізіміндей бүкіл елдің артын ашты - заңгер

Бишімбаевтың ісі бойынша басталған сот аяқталуға жақын. Соңғы екі отырыста айыпталушының телефоны зерттелді. Шындық ашылды.

  • 24 Сәуiр
  • 50
Фото: starhit.ru

Бір апамыз тойда вальс билегендерге қарап отырып, “кіммен кімнің жүретінін біліп қойдым” деген екен. Сол сияқты болды, деп жазды заңгер Ляззат Ахатова өзінің парақшасында. Caravan.kz медиа порталы заңгердің пікірімен бөліседі.

«Баталов өзінен-өзі ақталып әлек. Алдында әйелі шығып еді. Одан кешегі сотта куә болған, Салтанат өлім аузында жатқанда, келесі вип кабинада Бишімбаевпен бірге шампан, шәй ішкен Гүлнара “Қуандык-кудаги” деп қуды. Сотталушыға роза гүлдің суретін жіберіп, “от тебя пахнет розой” дегенді Алена деген “кудагиына” жібермек болыпты. Ол “кудагиі” құрбысы екен, өзінің. Сонда да есімімен емес, “қудаги” деп сақтапты, телефонына. Сөйтіп шатасып, “Қуандыққа” жіберген ғой. Оны кеше біліп, “мәәә” деген ғой. Өзінің айтуынша. Бүлдіргенін білген-мыс. Қазақы әйел болса, “құдағи” деп атағаны, сақтағаны сенімдірек болар ма еді. Бірақ ана жауаптарға өз басым дым сенбедім. 51-дегі дап-дардай әйелдің он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыз сияқты даусы әзер шығып, үзіліп кетердей боп тұрғаны да біртүрлі көрінді, өзіме.

Бірақ дұрыс шығар, оныкі. Әйел сондай болу керек қой. Майысып, сызылып, нәзік боп тұрғандар ұнайтын шығар, ер кісілерге. Біз байғұс не еркек, не әйел емес, ортада жүрген безполый адам сияқтымыз ғой. Соблазнять ету дегеннен мақұрым, нөлміз) Мамандықтың да әсері бар, оған.

Кезінде бір істің шешімі туралы жиналыста талқылап тұрып, әйел судьяның көзіне жас келіп, толқып қалғанда, соттың төрағасы ұрысқаны есімде. “Сіз әйел емессіз, судьясыз. Сотта “женский род” деген болмау керек. Мужской және средний род қана болу керек. Маған әйелдік әлсіздіктеріңді енді көрсетуші болмаңдар”-деп. Содан “средний род” қатарына кіріп кетіп, өз “родымызға” өте алмай қалғанбыз-ау.

Дауыстарын құбылтып, (еркекпен сөйлессе) сызылып, үздігіп отыратын қыз-келіншектерге әуесім келеді десең. Қолдан келмейді, мойындау керек. Ол да өнер ғой, негізі.

Судьяның да шыдамы таусылып, “даусыңызды қаттырақ шығарыңызшы” деп, бір-екі рет жақтырмай, ескерту жасады ғой. Тарс-тарс, нақ-нақ сөйлеп, шешім қабылдап үйренген адамға ондай қылық оғаш көрінеді ғой. “Мынау неғып уақытты алып, майысып, былжырап тұр?” деп, жының келуі де мүмкін.

Қай әрекетте нормадан ауытқушылық бар деп ойлайсыз? Біз сияқты “средний родқа” жататындардың ба, әлде таза “женский род” иелерінің соблазнительный дауыстары мен әрекеттері ме? Бишімбаев сотталып біткенше, талай қуатын сияқтымыз ғой.

Негізі күлетін нәрсе емес, құрысын. Таңнан кешке дейін “алашым” деп, күңірене бермей, арасында өмірге жеңілдеу қарап тұрайық дегенім ғой»,- депті заңгер.