Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Қырғызстан Премьер-министрі шенеуніктердің ысырапшылығына шүйлікті.

  • 26 Сәуiр
  • 29
Фото: ашық дереккөз

Президент әкімшілігі алқасының отырысында Қырғызстанның премьер-министрі Акылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойларға баруға тыйым салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс.

Сонымен қатар, министрлер кабинетінің басшысы Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына тоқталды.

«Бір жерде ысырапшылдықты көріп тұрсаңыз, ол жерде көрінбеңіз. Тойларға бармаңыз», — деді Ақылбек Жапаров.

2022 жылдың ақпанында Қырғызстанда Президенттің Жарлығығына қол қойылып, іс-шаралар кезінде шектеулер туралы заң күшіне енді.

Мақсаты-азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ діни рәсімдер және қоғамдағы рухани атмосфераға теріс әсер ететін өзге де іс-шаралар барысында ысырапшылдықтың алдын алу.