Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі болды

Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4.8

  • 28 Сәуiр 2024
  • 44
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде, Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV Магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,79° с.б. 80,23° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.