"Анамды да құттықтамаймын": Психолог мұсылмандар неге туған күн тойламайтынын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анамды да құттықтамаймын": Психолог мұсылмандар неге туған күн тойламайтынын түсіндірді

"Анамды да құттықтамаймын": Психолог мұсылмандар неге туған күн тойламайтынын түсіндірді

Мақсат Ақкөзов есімді отбасылық психолог, блогер туған күнін тойламайтынын және өзгелерді де туған күнімен құттықтамайтынын айтты.

  • 2 Мамыр
  • 371
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратпен ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен ешкімді туған күнімен құттықтамаймын, тіпті анамды да. Неге? Біріншіден, біз мұсылман болғаннан кейін. Жалпы мұсылмандарда туған күн деген нәрсе жоқ. Біздің пайғамбар (с.а.у) да, оның сахабалары да тойламаған. Бұл нәрсе бізге батыстан келген, бұрмаланған түсінік. Адам өзінің туған күні үшін ешнәрсе істемеді. Оның ешқандай еңбегі жоқ. Мен мысалы 33-ке толдым, осы жасқа дейін не істеп қойдым? Мен ешнәрсе істемедім. Егер құттықтау керек болса, осындай бала туып, осы жасқа дейін жеткіздің деп менің анамды құттықтау керек шығар. Екінші себеп — эгодан қатты ұрады, алдайды. Адамға туған күнінде неше түрлі тілектер, мақтау сөздер айтылады. Негізі олар өтірік сөздер. Себебі, адам ешнәрсе істемеді ғой. Сол үшін оның эгосы алданады», — дейді ол.

Желі қолданушылары психологтың бұл пікірімен келіспейтінін жазып, мұндай сипаттағы видеоларға шектеу қоюды талап етуде.

«Сөзім жоқ, не деп кетті, анау харам, домбыра харам, туған күнде неңіз бар. Қойыңыздаршы, жастардың миын уламай», «Мұндай видеоларды шығармай, шектеу қою керек. Көпшілікке, халыққа, жастарға неге көрсетесіңдер», «Ауғанстанға жіберу керек, сол кезде тойламайды», «Мына мәңгүрттерден неше түрлі сұмдықты естідік ау», — деп жазды олар.