Азамат пен Аружан – Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат пен Аружан – Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері

Азамат пен Аружан – Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері

Статбюро мәліметінше, 2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрады.

  • 2 Мамыр
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Алайда мұны кейінгі жылдары жаңа туған балаларға қойылып жүрген танымал есімдермен шатастырмау керек. Әлихан немесе Айша есімдері кейінгі жылдары қойылып жүрген есімдер.

10 000-нан астам рет 136 ер және 146 әйел есімдері кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасында ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам) болды.

Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімдері бар адам саны – 585 мың.

Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – «бай», «бек», «жан», «хан» болды. «Бек» өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.

Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін «гүл» сөзі 1950-жылдардан бастап 2000-жылдарға дейін өте танымал болған.

Қазақтардың қысқа есімдерді көбірек ұната бастағанын да байқауға болады. Бір қызығы, 70-80-жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған.

Қазақстанда 10 000-нан астам рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр. Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдасақ, аталған жалғаулары бар тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.

Сондай-ақ диаграммаға қарап, көптеген қазақстандықтың әкесінің аты дегенде -вич, -вна жалғауларынан гөрі ұлы/қызы дегенге көшіп жатқанын көріп отырмыз.

Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.