"Баламның денесін тығып тастағандарын дәлелдей алмадық": Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баламның денесін тығып тастағандарын дәлелдей алмадық": Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы аяқталды

"Баламның денесін тығып тастағандарын дәлелдей алмадық": Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы аяқталды

Танымал айтыскер ақын, филолог, сазгер Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы өз мәресіне жетті.

  • 3 Мамыр
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, ақынның 16 жастағы ұлы шаңғы тебу аймағында кенеттен қаза болған еді. 

“Үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты бүгін аяқталды. Ақмола облысы, Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Каримова төрағалық еткен сот процесі жәбірленуші тараптың талабын оң нәтижеге шешті. «Елікті парктың» иесі сотталған жоқ. Оның жиені сотталды. Себебі, сол уақытта оның бизнесі уақытша сол жиенінің атына жазылған екен. Сот Әлихан сырғанаған күні де, одан бір апта кейін зардап шеккен Динара Муксулова мен Бірімжановалар сырғанаған уақытта да ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмағанын дәлелдеп, сотталушыға қауіпсіздігі ең төмен колонияға төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Біз олардың ұйымдасқан түрде баламызды тауда бір жарым сағат тығып тастағанын дәлелдей алмадық. Себебі, тауда баламның жатқанын көрген куәгерлердің сөздері әртүрлі шықты”, – деп жазды ақын. 

Сонымен қатар әдебиет өкілінің айтуынша, ұлының ісі ғана сотқа жеткен. Талай бала осы шаңғы базасында қайтыс болса да, істі жылы жапқан. 

“Ел Бишімбаевтың тағдырын талқылап жатқанда, біз өз сотымыздың соңы қалай болар екен деп қалтырап жаттық. Дәл менің Әлиханым сияқты талай бала осындай шаңғы базаларында қайтыс болған. Сот біткенше барлығының аманаты мойнымда жүргендей күй кештім. Солардың арасында Әлиханның ісі ғана сотқа дейін жетті. Оған бізді қолдаған қалың қазағымның үлесі бар деп ойлаймын”, – деді айтыскер. 

Еске салайық, ұлының қазасынан кейін, ақынның отбасында тағы бір ұл дүние есігін ашқан еді.