Атырау облысындағы Индер ауданында Жайық бір тәулікте 38 сантиметрге көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысындағы Индер ауданында Жайық бір тәулікте 38 сантиметрге көтерілді

Атырау облысындағы Индер ауданында Жайық бір тәулікте 38 сантиметрге көтерілді

Махамбет ауданында 2 мамыр күні таңертең Жайықтың суы 795 сантиметр деңгейінде болатын. Сол күні кешкі сағат 20:00-де 8 метрден асып кетті.

  • 3 Мамыр
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл турал Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр. 

Мәселен, Индер ауданында кеше, 2 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де өзен арнасының суы 750 сантиметр болған еді. Ал, бүгін, 3 мамырда 788 сантиметрге жетті. Осылайша, бір тәулікте Жайық өзені +38 сантиметрге көбейген.

Махамбет ауданында 2 мамыр күні таңертең Жайықтың суы 795 сантиметр деңгейінде болатын. Сол күні кешкі сағат 20:00-де 8 метрден асып кетті. Бір тәуліктің ішінде бұл аудандағы судың көтерілу көрсеткіші +17 сантиметрді құраған. Бүгін, 3 мамырда су деңгейі 812 сантиметрге жетті. 

Атырау қаласында да Жайық өзенінің суы көтеріліп тұр. Кеше таңғы уақыттан бері су айдыны +12 сантиметрге ұлғайды. Қазір мұнайлы шаһардағы өзен арнасының деңгейі 471 сантиметрді құрады. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгенін жазған болатынбыз. 

Кеше сағат 20:00-де Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асып кетті.