Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлзира Айдарбекованың, әсіресе, желідегі жазбасы елдің қызу талқысына түскен.
«Бізде атасының келіні, апасының келіні болып екіге бөлінеді. Әркім өз келінін жақтап, осылай енді…», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айдарбекованың бұл әзілін түсінбей, бірден Жұлдыз жайлы сұрай бастады.
Олар: «Жұлдыз кімнің келіні сонда?», «Масқара, келіндерін, немерелерін бөлу деген», «Жұлдыз генерал келін болса, Әйгерім майор,» «Кенже келін сіздікі ғой деймін» деп жазды олар.
Кейін продюсер оқырмандардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді. Ол: «Бұл жәй әзіл ғой, неге күйіп-пісіп жатырсыздар? 3 келін ұлдарымыз тұрғанда біздікі, Біреуі жаман еді десем, жақсы келіндеріңізді ауыстырып бересіздер ма қалай? Сол үшін бөліп-жарудың қажеті жоқ. Біздің ұрпағымызды жалғастырып отырған соң, өміріміздің жалғасы осылар. Бір-біріне азғыруды қойыңыздар. Ең бастысы аман болсын, бірде олай, бірде бұлай, бұл өмір ғой. Бәрі де уақытысы келгенде жақсы болады. Үміт артқан ұл қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!» деп жауап берді.