"Бұлар неге аяқ асты қазақшаға жабысып қалды?": Байжановтарға қазақ қоғамының қолдауы қажет - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұлар неге аяқ асты қазақшаға жабысып қалды?": Байжановтарға қазақ қоғамының қолдауы қажет - журналист

"Бұлар неге аяқ асты қазақшаға жабысып қалды?": Байжановтарға қазақ қоғамының қолдауы қажет - журналист

Атышулы қылмыстық істің жарыссөзі болып жатыр. Тараптар соңғы сөздерін айтып, айыптаушыларға тағылған айып дәлелденді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

  • 4 Мамыр
  • 26
Фото: видеодан алынған

Осы істегі ірі фигураның бірі — Байжановтың әйелі, деп жазды журналист Алмас Алтай. Белгілі журналистің сыни пікірін Caravan.kz медиа порталы жазды.

«Экы кун бурын…» деп тілін әрең икемге келтіріп қазақша сөйлеп тұр.

Аяқ астынан не болды бұларға? Байжанов басында «мүлде орысша білмеймін» деп аудармашы алдырды. Кейін орысша сайрап кетті.

Әуелден сенімсіз әңгіме еді ғой. Бишімбаев министр болған адам, билікте жүрген адам. Оның қазақшасынан гөрі орысшасы мықты, тіпті, өмірде қатырып қазақша сөйлемейтін де болар: министрге қазақ тілі не үшін керек?

Ал енді сондай адамның қасында 24 сағат жүретін адам — көмекшісі орысша мүлде түсінбейді дегенге қалай сенуге болады?

Мынау сол орысша «білмейтін» Байжановтың әйелі. Тыңдап көріңіз, мынау өмірде қазақша сөйлейтін адамның реті емес. Мынау «салямацыз ба» мен «кешырыныз» деген сөздерді ғана айтып үйренген тіл сияқты…

Оның үстіне баласы да орысша сөйлейді, сұрақты да таза орыс тілінде қояды екен. Ана тілі орысша болған соң орысша сөйлейді де баласы да…

Ең қызығы: бұлардың бәрі неге қазақшаға жабысып қалды аяқ асты?

Үйткені, ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ бұларды қолдауы керек. Қазақ қоғамының қолдауы ауадай қажет қазір бұларға. Сол қолдауға ие болу үшін мүләйімсіп қазақша сөйлеп тұр. Әшейінде аузына да алмайтын қазақшаның қадірін қазір ғана біліп тұр бұлар!

Қазақ тілінің күшейгені күшейген енді. Қазақша сөйлейтіндер көбейе береді, көбейе береді — Қазақстанда барлық нәрсе қазақша сөйлейтіндердің қалауына сай жасала береді!

Бірақ, далақтап, ұрандап, айғай-шу шығарудың қажеті жоқ.

Уақыт Қазақ Тілінің пайдасына жұмыс істеп жатыр: тик так, тик так, тик так», — деп жазды журналист.