Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда облысының ауылдарында 27 медициналық нысан салынады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған.
«Сондай-ақ Шиелі және Жаңақорған қалаларын қоса алғанда, 4 ауданаралық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп, медициналық жабдықтармен жарақтандырылады», — деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды есепке алу мен жоспарлауға мүмкіндік беретін кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі (кәсіби тіркелім) әзірленіп жатыр.