Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барды, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
«Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді», — делінген хабараламада.
Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылғаны айтылды.