Республика бойынша су тасқыны болған өңірлерде 51 506 адам өз үйіне оралды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметіне сәйкес, республика бойынша 10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Бүгінге дейін 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.