Бұл туралы ол Бишімбаевтың алғашқы жарынан сұхбат алу кезінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”2014-2017 жылдары Қуандық Бишімбаевпен бірге жұмыс жасадым, ол кісінің қол астында жұмыс жасадым. Иә, ол кісі өте білімді, жұмфс кезінде сондай талабы зор адам. Бәрін қазір талқылағанда, біз шыныменде ұжым ретінде өте психологиялық, моральдық тұрғыда күйзелісте болдық. Ол кісі бізге, барлық қызметкерлерге айқайлайтын, ер адамдарды боқтап тастайтын. Ол кісіде өте үлкен агрессия болды. Қызметкерлерді түнгі 1-ге дейін ұстап отыратын. Бірақ ол кісінің қол астындағы қызметкер болғандықтан, қазақи менталитет болғаннан кейін біз үндемейміз, сыйлағаннан кейін. Бізде қазақта сондай ғой”, — деді Самал Ибраева.