Hit.tv сайтының жазуынша, Серкебаева Қазақстаннан бір айға кетіп барады.
«Мен Американдық музыкант Jeff Arundel-дің продюсерлік орталығымен келісімшартқа отырдым. Ол өзі музыкант. Бірнеше концерт беру үшін және орындаушылармен танысу үшін шамамен бір айға кетіп барамын», — дейді ол.
Орландо, Лос-Анджелес, Лас-Вегас — бұл Серкебаеваның сапар барысында ат басын тіремек қалалар. Әрбір қалада скрипкашы өзіне жақын — джаз бен поп-музыка бағдарламалары бойынша концерттер береді.
«Бұл (ред.-концерттер) біз үйренгендей қала күніне, не тағы басқасына орайластырылмаған. Бұл мәдениеттермен алмасу іспеттес болмақ. Мен үшін бұл өте қызықты, оған білек сыбана дайындалып жатырмын», — дейді Серкебаева.