"8848 метр": Эверест шыңын бағындырған түңғыш қазақ қызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"8848 метр": Эверест шыңын бағындырған түңғыш қазақ қызы

"8848 метр": Эверест шыңын бағындырған түңғыш қазақ қызы

Қазақстандықтардың шыңға көтерілуі бес тәулікке созылған.

  • 13 Мамыр
  • 43
Фото: әлеуметтік желіден алынған

12 мамыр күні Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев бар қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңында (8 848м) еліміздің көк байрағын желбіретті.

Осылайша тарихта алғаш рет қазақ қызы әлемдегі ең биік шыңды сәтті бағындырды.

«Көтерілу кезінде ауа-райы қиын болды. 8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боранға байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты. Бес елдің альпинистері ғана Эверестке сәтті көтеріле алды».

Қазіргі уақытта қазақстандықтар IV лагерьде (8000 м) күш жинап, кері түсуге дайындық үстінде.

Эверест (Комолунгма немесе Сагарматха) — әлемдегі ең биік тау. Шың Гималай жотасында, Непал мен Қытайдың шекарасында орналасқан. Эверестті «әлемнің төбесі» және «Құдай тауы» деп атайды.