Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған.
«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекен-жайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», — делінген The standard таратқан хабарламада.
Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.