Қазақстандықтардың 75 пайызы баланы ұрып тәрбиелеу керек деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың 75 пайызы баланы ұрып тәрбиелеу керек деп санайды

Қазақстандықтардың 75 пайызы баланы ұрып тәрбиелеу керек деп санайды

Яғни, біздің балалардың көбісі тәртіпті, бірақ тәрбиелі емес. Тіл алғыш, бірақ тұлға емес.

  • 13 Мамыр
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, баланы ұру оның болмысын толық ашуға кедергі келтіреді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы abdulla_kz_kz парақшасына сілтеме жасап.

“Біздің ата-анамыз айтады: біз таяқ жеп өстік жаман болған жоқпыз. Менің баламда таяқ жеп өссін, жаман болған жоқ, міне. Бірақ, мәселе мына қырынан қарамаймыз. Мен таяқ жедім, жеткілікті түрде жақсы бола алдым ба? Яғни 100%-бен қарайтын болсақ, мысалы менің 40-50%- ға потенциалым ашылды. Иә, қолымнан бір нәрсе келеді, қоғамда бір орным бар. Ал неге менің потенциалым 80-90%-ға ашылған жоқ? Мүмкін сол ұрып-соғудың кедергісі бар шығар”, – деді ол. 

Елімізде бір жастағы балалардың үштен бірі қатыгездікке ұшырайды. Ал 2-4 жастағы балалардың тең жартысы үлкендер тарапынан дөрекілік көреді. Балаларды ұрып-соғу арқылы тәрбиелеу көрсеткіші 5-9 жас аралығындағы балаларда 58 пайыз деңгейіне көтерілген. Халықаралық ұйым өкілдері жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ата-ананың 67 пайызы, яғни сұралғандардың үштен екісі баласына психологиялық та, физикалық та қысым жасағанын айтқан. Балалардың 62-79 пайызы әке-шешесінен ұдайы таяқ жейтіні анықталған.

Психологтардың сөзінше, балаға жай ұрдың не, қатты ұрдың не бәрібір.

“Бала үшін анасы ең керемет, ең әдемі, әкесі ең мықты. Бала солай өседі. Егер әлемдегі ең жақсы адамдар маған қол көтерсе, демек, мен жаманмын. Сол үшін мені ұрады. Жаманмын деген жазу баланың жадында сақталады. Ал сіз ойлайсыз, жарайды қатты ұрмадым ғой, жай ғана құйрығынан қағып жібердім. Өлмейді ғой. Ал бала ол кезде тек тән соққысын емес, жан соққысын да алып жатады екен”, – деді психолог Ирина Коволева.