Бүгін оның туған күні: Қазақ альпинисі жеңісін Салтанат Нүкенованың құрметіне арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін оның туған күні: Қазақ альпинисі жеңісін Салтанат Нүкенованың құрметіне арнады

Бүгін оның туған күні: Қазақ альпинисі жеңісін Салтанат Нүкенованың құрметіне арнады

Еуропаның ең биік нүктесі Эльбрус тауының биіктігі – 5642 метр.

  • 15 Мамыр
  • 6
Фото: видеодан алынған

Қазақ альпинисі Сапфира Қанаева Еуропаның ең биік шыңын бағындырды. Эльбрус тауының биіктігі – 5642 метр.

Ол өз жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасап.

«Салтанаттың тағдыры мені шабыттандырып қана қойған жоқ, алдыма мақсат берді. Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенде,  Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанаттың рухына арнаймын деген ой келді.  Бойжеткеннің қайғылы өлімі көп адамның жүрегін елжіретті десем болады. Соның ішінде мен де бармын. Мен де қолымнан келгенін істеп, тау қозғап, әділдікке ұмтылдым», — дейді альпинист.

Сапфира Қанаева бұған дейін Африка, Еуропа және Оңтүстік Американың шыңына Қазақстанның туын тіккен, «Жеті құрлықтың жеті шыңын» бағындырған тұңғыш қазақ әйелі атанған.