“Өтемақыны қолма-қол беруді талап етуде”: Су тасқыны кезінде үйсіз қалған құлсарылықтар наразылыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өтемақыны қолма-қол беруді талап етуде”: Су тасқыны кезінде үйсіз қалған құлсарылықтар наразылыққа шықты

“Өтемақыны қолма-қол беруді талап етуде”: Су тасқыны кезінде үйсіз қалған құлсарылықтар наразылыққа шықты

Баспанасыз қалған Құлсары тұрғындары өтемақы талап етіп, әкімдіктің алдына жиналды.

  • 15 Мамыр
  • 30
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Қазір ғимараттың алдында тасқыннан үйі зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары өтемеақы төлеу мәселесі бойынша жиналып жатыр. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандарға өтемақы төлеу, жаңа тұрғын үй беру туралы ақпарат берді”, – деп мәлімдеді Атырау облысындағы жедел штаб.

“Азаттық радиосы” басылымының мәліметінше, тұрғындар әкімдіктің шақыртуымен жергілікті мәдениет үйінде жиналған. Біраз уақыт күткен соң олар әкімдіктің ғимаратына бет алған. Олар әкім орынбасарының жауабына қанағаттанбағанын айтып, өтемақыны өз қолдарына беруді талап етті.

Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-сы судан тазартылған. Бүгінде 2 667 тұрғын үй техникалық зерттеуден өтті, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Барлығы 3000-ға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100% біржолғы төлем аударылды.

Сонымен қатар мүлкіне залал келген 289 кәсіпкер залалды өтеу бойынша кеңес алды. 

“Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барып, кезең-кезеңімен техникалық зерделеу және бағалау қорытындысын таныстырады”, – делінген хабарламада.