Антикор Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қазіргі уақытта Мусинге қатысты іс тергеліп жатпағанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Сіздің өтінішіңіз бойынша қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге қатысты қылмыстық істің жоқтығын хабарлаймыз», — деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, мамырдың басында Telegram-арналарда экс-министр Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат пайда болған еді. Дереккөз «істер бұрыннан басталған» деп мәлімдеді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚМА бұл ақпаратқа қатысты пікір берген жоқ.