Жақында ғана актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып, жеке карьерасына ден қойған әнші «Мамский әңгіме» подкастында отбасылы ер адамдармен сөйлеспейтінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Негізінде мынандай жігітке тұрмысқа шықпаймын, жүрмеймін, таныспаймын деген өзіңнің талабыңды сыртқа шығарғанша, сол энергетикаңды іште сақтаған дұрыс сияқты. Өйткені, мен тұрмысқа шығар алдында батыстың жігітімен сөйлеспеймін, актер жігіттер ұнамайды дейтінмін. Тағы бір құпия бар, бірақ оны айтпай-ақ қояйын. Бірақ дәл сол істемеймін деген нәрселер орындалды. Содан кейін махаббат деген нәрсе бар. Қыздар қанша жерден ажырасқа жігітпен жүрмеймін, тұрмысқа шықпаймын дегенмен, жақсы көріп қалғаннан кейін өз сөзіңе өзің қарсы шығасың. Болашақта не болатынын білмейсің. Ең бастысы — әйелі бар адамдармен сөйлеспей, жақындамаған дұрыс. Біреудің отбасын бұзбаған дұрыс, бірақ ажырасқан балалары болса, көре жатарсыздар. Қазір өзім жеке өмірге дайын емеспін», — дейді әнші.