Қарағанды облысында 1000 шақырымнан астам жол жөнделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 1000 шақырымнан астам жол жөнделеді

Қарағанды облысында 1000 шақырымнан астам жол жөнделеді

Биыл Қарағанды облысында 1029 шақырым автомобиль жолы жөнделеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мұқашев жолдарды жөндеу және салу туралы баяндап берді.

  • 19 Мамыр
  • 6
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сәкен Сейфуллин – Успен – Ағадыр тасжолының 26 шақырымында, сондай-ақ Ақсу-Аюлы – Ақтоғай тасжолының 57 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ұзындығы 10 шақырым Ақтас-Саран учаскесінде көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты ондағы жол жөндеу жұмыстарының маңызы көп. Бұл жерде екі қабат асфальт төсеу жоспарда бар.

«Қарқаралы-Қоянды учаскесін орташа жөндеу және ұзындығы 19 шақырым Саран-Шахтинск автожолын күрделі жөндеу, Шерубай-Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады. Тасжолдың Нұра – Осакаровка учаскесінің 20 шақырымдық бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 19 км асфальтпен жүру қамтамасыз етілген. Қозғалыс үшін ашық аумақта жол жиектерін нығайту және тосқауылды қоршау орнату жұмыстары жүргізілді. Абай ауданында Жартас – Долинка тасжолының 21-ші шақырымдық бөлігін қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жолдың 18 шақырымында асфальтбетонның үстіңгі қабатында өткел бар. Жұмыстар жалғасады», — деді М.Мұқашев.

Биыл Қарқағанды-Қарқалы тасжолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасады, онда 52 шақырымды қамту жоспарланып отыр. Қала әуежайынан Үштөбе ауылы арқылы Қарағандыға және кері бағытқа балама шығу қызметін атқаратын Үштөбе – Құрылыс автожолының 9 шақырымдық бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасты. Теміртау – Токаревка тасжолындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру жол қауіпсіздігін жақсартып, Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл тұрғындарының жол жүру уақытын қысқартады.

Сондай-ақ Қарағанды-Жезқазған және Шахан-Молодецкое автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған.