Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді.

  • 20 Мамыр
  • 24
Фото: gov.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, соған байланысты Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келген.

«Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр», — деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.

«Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады», — деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Орал трассасының Махамбет ауданындағы 44-шақырымы жырылған болатын.

Кейін Атырау-Орал трассасының 71-шақырымында жол үстімен су өтіп жатқанын хабарлаған едік.