Қазақ балетінің 90 жылдығы Қастеев музейінде атап өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ балетінің 90 жылдығы Қастеев музейінде атап өтілді

Қазақ балетінің 90 жылдығы Қастеев музейінде атап өтілді

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» картиналар көрмесі ашылды.

  • 20 Мамыр
  • 8
ФОТО: fnn.kz

КөрмедеҚазақстанның кәсіби хореографиялық өнеріндегі 90 жыл бойы қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдердің реконструкциясы ұсынылған.

«Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» картиналар көрмесі Тоғжан Молдалімнің жетекшілігімен Qazaq Ballet Creative Lab және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомын шығару жобасының жалғасы болып табылады. Жобаның мақсаты көркем және дизайн өнері арқылы ұлттық музыкалық-хореографиялық мәдениетті сақтау және насихаттау.

Көрме музей, театр және жеке мұрағаттардан алынған сирек мұрағаттық фотосуреттер, бейнежазбалар мен мәтіндер негізінде жасалған авторлық картиналардан тұрады. Картиналарда қазақ опера және балет театрының 90 жылдық кезеңіндегі ұлттық спектакльдердің көріністері бейнеленген. Олардың арасында еліміздің барлық танымал театры мен труппасының қойылымдары бар.

Жобаны жүзеге асыруға куратор Тоғжан Молдалім, Qazaq Ballet Creative Lab жетекшісі Дамир Оразымбетов, дизайнер Гузель Нұрымбетова, суретші Жаннат Баймұханова сынды тек отандық мәдениет қайраткерлері қатысты. 

Концерттік бағдарламаға Абай атындағы опера және балет театры мен Болат Аюханов құрған театрдың артистері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары қатысты. Олардың арасында Әйгерім Қарсақбаева, Дияр Акенев, Сымбат Мақсұт, Орынгүл Нұржанқызы және т.б. бар.

Көрмеге белгілі өнертанушылар мен музыкатанушылар, атақты балет артистері мен қоғам қайраткерлері қатысып, іс-шараны сапалы өткізілгенін және ұйымдастырушылардың Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау ісіндегі зор еңбегін атап өтті.

Көрме 7 маусымға дейін жалғасады.